Нысаналы топтарға жататын адамдардың 2014 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 59 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 наурызда № 4485 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының  2-тармағына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын адамдардың 2014 жылға арналған келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) ұзақ уақыт жұмыс істемеген азаматтар (бір жылдан астам);
      3) елу жастан асқан адамдар;
      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдардан алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі мен еңбек өтілі жоқ бітірушілер.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Г. Аубакировке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                А. Кенжегарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады