Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 147 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 4580 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2022 жылғы 31 мамырдағы № 110 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 31.05.2022 № 110 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     
      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша орыс тілінде "Акшыганакского", "Акшыганак", "Акшыганакский" сөздері "Акшиганакского", "Акшиганак", "Акшиганакский", сөздерімен ауыстырылды, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 20.10.2017 № 126 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин аудандық мәслихатының
      кезектен тыс сессиясының
      төрағасы Ж. Нұрмұханбетұлы
      Жангелдин аудандық
      мәслихат хатшысы С. Нургазин

      КЕЛІСІЛДІ

      Жангелдин ауданының

      Ақшығанақ ауылдық округінің

      әкімі

      __________ Б. Торбаев

  Мәслихаттың 2014 жылғы
28 ақпандағы №147
шешіміне қосымша

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны

1

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округінің Ақшығанақ ауылы

12

2

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округінің Түйемойнақ ауылы

2

  Мәслихаттың 2014 жылғы
28 ақпандағы №147
шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі (бұдан әрі – Ақшығанақ ауылдық округі) ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 20.04.2017 № 89 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Ақшығанақ ауылдық округінің аумағындағы ауылдардың тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Ақшығанақ ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Жангелдин ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ақшығанақ ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Ақшығанақ ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Ақшығанақ ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Ақшығанақ ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ақшығанақ ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ақшығанақ ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жангелдин аудандық мәслихатымен бекітілген сандық құрамына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      Ескерту. 8 - тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 20.04.2017 № 89 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады