Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 31.05.2022 № 110 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Жангелдин ауданының Аралбай ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Аралбай ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин аудандық | |
мәслихатының кезектен | |
тыс сессиясының төрағасы | Ж. Нұрмұханбетұлы |
Жангелдин аудандық | |
мәслихат хатшысы | С. Нургазин |
КЕЛІСІЛДІ:
Жангелдин ауданының
Аралбай ауылының әкімі
________ К. Молдабеков
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 153 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Аралбай
ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына
қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамы
№ | Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Жангелдин ауданының Аралбай ауылы тұрғындары өкілдерінің саны |
1 | Қостанай облысы Жангелдин ауданының Аралбай ауылы | 5 |
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 153 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Аралбай
ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Жангелдин ауданының Аралбай ауылы (бұдан әрі – Аралбай ауылы) тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Аралбай ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 18.05.2017 № 99 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Аралбай ауылының әкімі шақырады.
Жангелдин ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Аралбай ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Аралбай ауылының әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Аралбай ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Аралбай ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Аралбай ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Аралбай ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жангелдин аудандық мәслихатымен бекітілген сандық құрамына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 18.05.2017 № 99 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Аралбай ауылы әкімінің аппаратына беріледі.