Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 158 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 4591 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 291 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 27.03.2020 № 291 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин аудандық
мәслихатының кезектен
тыс сессиясының төрағасы
Ж. Нұрмұханбетұлы
      Жангелдин аудандық
мәслихат хатшысы
С. Нургазин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Жангелдин ауданының

      Шилі ауылының әкімі

      ____________ К. Жетписбаев

  Мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 158 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылы тұрғындары өкілдерінің саны

1

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылы

6

  Мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 158 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылы (бұдан әрі – Шилі ауылы) тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Шилі ауылының аумағындағы көшелер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 18.05.2017 № 104 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Шилі ауылының әкімі шақырады.

      Жангелдин ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Шилі ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Шилі ауылының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Шилі ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Шилі ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Шилі ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Шилі ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жангелдин аудандық мәслихатымен бекітілген сандық құрамына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 18.05.2017 № 104 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Шилі ауылы әкімінің аппаратына беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады