Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 17.10.2017 № 144 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Жітіқара ауданы Волгоград ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Волгоград ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Н. Коваленко |
Жітіқара аудандық | |
мәслихатының хатшысы | М. Кененбаева |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Қостанай облысы Жітіқара | |
ауданы Волгоград ауылының | |
әкімі | |
______________ Ж. Еділбаев |
Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 224 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Жітіқара ауданы
Волгоград ауылының бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Жітіқара ауданы Волгоград ауылының (бұдан әрі - Волгоград ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Волгоград ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Волгоград ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу
тәртібі
3. Бөлек жиынды Волгоград ауылының әкімімен шақырады.
Жітіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Волгоград ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Волгоград ауылының әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Волгоград ауылының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Волгоград ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Волгоград ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Волгоград ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жітіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Волгоград ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Волгоград ауылы әкімінің аппаратына береді.
Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 224 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Волгоград
ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамы
№ | Волгоград ауылы көшелерінің атауы | Өкілдерінің саны (адам) |
1 | Советская көшесі | 3 |
2 | Западная көшесі | 1 |
3 | 30 лет Целины көшесі | 1 |
4 | Производственная көшесі | 1 |
5 | Целинная көшесі | 1 |
6 | Комсомольская көшесі | 1 |
7 | Казахская көшесі | 2 |
8 | Украинская көшесі | 2 |
9 | Молодежная көшесі | 1 |
10 | Новая көшесі | 1 |
11 | Строительная көшесі | 2 |
Барлығы | 16 |