Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 15.06.2020 № 1 және Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 15.06.2020 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысымен және шешімімен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5, 12-баптарына сәйкес, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Қамысты ауданы Жайылма ауылдық округі Пушкин ауылының шекарасы (шегі) оның шегінен жер қорына жалпы алаңы – 700,0 гектар жер учаскесін шығарып және оның шегіне жер қорынан жалпы алаңы – 863,0 гектар жер учаскесін қосып, қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес өзгертілсін.
2. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер-есеп құжаттамасына қажетті өзгерістерді енгізсін.
3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қамысты ауданының әкімі | |
__________ Ж. Бисимбаев | |
Сессия төрайымы | |
___________ С. Төлебаева | |
Қамысты аудандық | |
мәслихатының хатшысы | |
__________ Б. Рахимжанов |