"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әкімдіктің және мәслихаттың "Қостанай облысы Қамысты ауданы Жайылма ауылдық округі Пушкин ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы" 2014 жылғы 25 маусымдағы № 7/213 (2014 жылғы 11 шілдеде "Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4905 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Г. Бекмухамедов |
Сессия төрайымы | А. Куламбаева |
Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы | С. Кстаубаева |