Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 30.10.2020 № 540 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарабалық ауданы Славен ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарабалық ауданы Славен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Он бірінші сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
Е. Аманжолов |
КЕЛІСІЛДІ:
Славен ауылдық
округінің әкімі
_________ Е. Бисекеев
Мәслихаттың 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 237 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Қарабалық ауданы
Славен ауылдық округінің жергілікті
қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 22.12.2016 № 103 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Қарабалық ауданы Славен ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Славен ауылдық округінің Славен ауылының тұрғындары үшін | 9 |
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің Октябрь ауылының тұрғындары үшін | 5 |
Мәслихаттың 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 237 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Қарабалық ауданы
Славен ауылдық округінің бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Славен ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Славен ауылдық округі ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Славен ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Славен ауылдық округінің әкімі шақырады.
Қарабалық ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Славен ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Славен ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Славен ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Славен ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Славен ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Славен ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарабалық аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 22.12.2016 № 103 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Славен ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.