Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерiн белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 тамыздағы № 299 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қыркүйекте № 5071 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 165 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 29.06.2016 № 165 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97- бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарабалық кенті, Гоголь көшесі, 6 үй мекен-жайы бойынша орналасқан, мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін, жалпы алаңның бір шаршы метріне айына 78,72 теңге (жетпіс сегіз теңге жетпіс екі тиын) көлемінде төлемақы мөлшері белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Сұлтановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Исмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады