Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Победа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Победа селолық округі елді мекендерінің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы" 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 1 Победа ауылдық округі әкімінің шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-105 тіркелген, 2009 жылғы 26 наурызда "Айна" газетінде жарияланған") мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық" деген сөздер "ауылы", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнбізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
К. Рахимбаев