Қостанай облысы Қарасу ауданы Ильичев ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 192 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 мамырда № 4729 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 362 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 27.12.2019 № 362 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарасу ауданы Ильичев ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы Ильичев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезектен тыс


сессияның төрағасы

А. Ыбраев

Қарасу аудандық


мәслихатының хатшысы

С. Қазиев

КЕЛІСІЛДІ


Қостанай облысы Қарасу ауданы


Ильичев ауылдық округінің әкімі


_______________ Ж. Нөгербеков



  Қарасу аудандық мәслихатының
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 192 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Қарасу ауданы Ильичев
ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу
үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Өкілдерінің саны (адам)

Комсомольское ауылының тұрғындары үшін

10

Қызкеткен ауылының тұрғындары үшін

2

  Қарасу аудандық мәслихатының
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 192 шешімімен
бекітілген

Қостанай облысы Қарасу ауданы Ильичев ауылдық округінің
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қарасу ауданы Ильичев ауылдық округінің (бұдан әрі - Ильичев ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Ильичев ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Ильичев ауылдық округінің аумағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Ильичев ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Қарасу ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ильичев ауылдық округінің шегінде бөлек жиынды өткізуді Ильичев ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Ильичев ауылдық округінің тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Ильичев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ильичев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ильичев ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарасу аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ильичев ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Ильичев ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады