Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 14.02.2018 № 223 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қостанай ауданы Воскресенов ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қостанай ауданы Воскресенов ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының | |
кезектен тыс сессиясының төрағасы | С. Кульбеков |
Қостанай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Досжанов |
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысы Қостанай ауданы
Воскресенов ауылының әкімі
________________ С. Сыздыков
Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 176 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Қостанай ауданы Воскресенов ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Қостанай ауданы Воскресенов ауылының (бұдан әрі - Воскресенов ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Воскресенов ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Воскресенов ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиын Воскресенов ауылының әкімімен шақырылады.
Қостанай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Воскресенов ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Воскресенов ауылының әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Воскресенов ауылының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Воскресенов ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Воскресенов ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Воскресенов ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Воскресенов ауылы әкімінің аппаратына береді.
Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 176 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Қостанай ауданы Воскресенов ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Қостанай ауданы Воскресенов ауылының тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Қостанай облысы Қостанай ауданы Воскресенов ауылының тұрғындары үшін | 13 |