Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 173 "Қостанай облысы Қостанай ауданы Белозер ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілкті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2014 жылғы 7 қазандағы № 242 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 қазанда № 5128 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 145 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 24.03.2022 № 145 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 173 "Қостанай облысы Қостанай ауданы Белозер ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4614 тіркелген, 2014 жылғы 30 сәуірде "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің орыс тілдегі қосымшасында "Белозер", "Сергеев" деген сөздер тиісінше "Белозерка", "Сергеевка" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қостанай аудандық мәслихатының

кезектен тыс сессиясының төрағасы

Қостанай аудандық

мәслихатының хатшысы

А. Жумагулов


А. Досжанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады