Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровское ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 227 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 сәуірде № 4635 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 113 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 28.04.2022 № 113 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровское ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровское ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

М. Гизбрехт

Аудандық мәслихаттың хатшысы

В. Леонов

КЕЛIСIЛДI


Боровское ауылының әкімі


___________ Т. Тұрағұлов



  Мәслихаттың
2014 жылғы 28 наурыздағы
№227 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровское ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровское ауылының тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровское ауылының тұрғындары

1025

  Мәслихаттың
2014 жылғы "28" наурыздағы
№227 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровское ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы

      1. Жалпы ереже

      1. Осы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровское ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Боровское ауылының ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Боровское ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Боровское ауылының әкімі шақырады.

      Меңдіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешім бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Боровское ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Боровское ауылының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Боровское ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Боровское ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Боровское ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Боровское ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Меңдіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Боровское ауылы әкімінің аппаратына беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады