Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 28.04.2022 № 113 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 14.04.2020 № 364 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.
2. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | М. Гизбрехт |
Аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | В. Леонов |
КЕЛIСIЛДI | |
Первомай ауылдық | |
округінің әкімі | |
_______ В. Сосенко |
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы №237 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 14.04.2020 № 364 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Первомайское ауылының тұрғындары үшін | 187 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Долбушка ауылының тұрғындары үшін | 29 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Ивановка ауылының тұрғындары үшін | 18 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Лесное ауылының тұрғындары үшін | 30 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Чернышевка ауылының тұрғындары үшін | 20 |
Мәслихаттың 2014 жылғы "28" наурыздағы №237 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу
қағидасы
1. Жалпы ереже
1. Осы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Первомай ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Первомай ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Первомай ауылдық округтің әкімі шақырады.
Меңдіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешім бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Первомай ауылдық округі ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Первомай ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Первомай ауылдық округі ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Первомай ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Первомай ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Первомай ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Меңдіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Первомай ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.