Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 18.02.2015 № 83 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41 – бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Науырзым ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Науырзым ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелуді заңнамамен белгіленген мерзімде жүргізсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Даиров
Науырзым ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 102 қаулысымен бекітілген
"Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің Науырзым ауданы әкімдігінің "Науырзым мал дәрігері" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ведомствосы бар.
3. "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, сондай - ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
8. "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылы, Шақшақ Жәнібек көшесі, 1.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы ереже "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
14. "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Науырзым ауданының ветеринария саласында басқару функцияларын жүзеге асырады.
15. Міндеттері:
1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
2) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
3) ветеринарлық - санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуінен және таратылуынан, сәйкес әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағын қорғау;
5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
16. Функциялары:
1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізеді;
2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;
3) ветеринариялық (ветеринариялық - санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды күтіп - ұстауды қамтамасыз етеді;
4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс - шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай - ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастырады;
7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырады (зарарсыздандыру) және қайта өңдейді;
8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;
9) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс - шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;
10) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс - шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс - шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;
11) тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс - шаралар өткізуді ұйымдастырады;
12) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша ветеринариялық іс - шаралар өткізуді ұйымдастырады;
13) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс -шаралар өткізуді ұйымдастырады;
14) ветеринариялық тіркеу талдауын, жиынтығын және есесптілігін жүргізеді және оларды облыстың жергілікті атқару органдарына ұсынады;
15) жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алу бойынша ветеринариялық іс – шаралар туралы облыстың жергілікті атқару органдарына ұсыныстар енгізеді;
16) жергілікті бюджет есебінен орындалатын алдын алу және диагностика, жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органынан ұсыныстар енгізеді;
17) ветеринариялық препараттардың республикалық қорынан басқа, бюджет қаражаты есебінен алынған ветеринариялық паспорттың сақталуын ұйымдастырады;
18) тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс – шаралар туралы облыстың жергілікті атқару органына ұсыныстар енгізеді;
19) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастырады;
20) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіндегі басқа да міндеттерді орындайды.
17. Құқықтары мен міндеттері:
Осы ережемен қарастырылған функцияларды іске асыру үшін "Науырзым ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан сұрату, "Науырзым ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстарды өңдеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
"Науырзым ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға, сондай - ақ оған жүктелген функциялармен міндеттерді орындауға міндетті.
3. Мемлекеттік органның
қызметін ұйымдастыру
18. "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің басшылығы аталған мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлімнің басшысымен жүзеге асырылады.
19. "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің басшысы аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) "Науырзым ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және ұйымдастырады және мекемеге жүктелген міндеттер мен мақсаттардың орындалуына дербес жауапкершілікті мойнына алады;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша шаралардың пайданылмауына жауапкершілік етеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шегінде "Науырзым ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме мүлкіне иелік жасау;
4) шарттар жасау;
5) сенімхаттар беру;
6) банк мекемелерінде шоттар ашу;
7) "Науырзым ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
8) барлық ұйымдарда "Науырзым ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүддесін білдіру;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Науырзым ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа алу, босату, сондай - ақ марапаттау шараларын қолдану және тәртіптік жаза белгілеу;
10) "Науырзым ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін белгілеу;
11) іссапар, тәжірибе алмасу, қызметкерлерді қазақстандық оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктіліктерін арттырудың басқа да түрлері бойынша "Науырзым ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоспары мен тәртібін бекіту;
12) Қазақстан Республикасы заңнамасымен және осы ережеде жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
"Науырзым ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздері есебінен қалыптасады.
22. "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта
ұйымдастыру және тарату
24. "Науырзым ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қайта тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.