Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 17.03.2022 № 89 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Бұйрығына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарамеңді ауылы, Абай көшесі, № 20 үй мекенжайы бойынша орналасқан сегіз пәтерлі жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына жалпы алаңның бір шаршы метріне 57 (елу жеті) теңге мөлшерінде төлемақы мөлшері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Исмаиловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Даиров |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Науырзым ауданының тұрғын | |
үй-коммуналдық шаруашылық, | |
жолаушылар көлігі және | |
автомобиль жолдары бөлімі" | |
ММ басшысының міндетін атқарушы | |
______________________ Г. Гринь |