Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41-бабына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 22.10.2014 № 314 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қоса беріліп отырған "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген мерзімде қабылданған шешім туралы тіркеуші органға хабарласын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Өтеулин |
КЕЛІСІЛДІ
"Таран ауданы әкімдігінің сәулет,
қала құрылысы және құрылыс бөлімі"
ММ басшысы
_______________ С. Төртқараев
Таран ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 145 қаулысымен бекітілген |
"Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер1. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
"Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы мемлекет атынан Таран ауданының әкімдігі болып табылады.
2. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
3. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Таран ауданы, Таран ауылы, Калинин көшесі, 60.
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі
орыс тілінде государственное учреждение "Отдел архитектуры, градостроительства и строительства акимата Тарановского района".
11. Осы Ереже "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Таран ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру болып табылады.
15. Міндеттері:
1) аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) өз құзіреті шегінде аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
3) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру;
4) мемлекеттік қызметтерді анықтау және/немесе алып тастау үшін заңнама мониторингін жүргізу, мемлекеттік органның құзіретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің атауын өзгерту;
5) елді мекендер мен аумақтардың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
6) құзыретіне кіретін бағыттар бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру, өндірістік, тұрғын үй бағытындағы обьектілерінің және әлеуметтік сала обьектілерінің құрылысы мен реконструкциялауға қатысу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттер.
16. Функциялары:
1) құрылысы салынып жатқан (құрылысын салуға белгіленген) обьектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
2) базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастырын жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
3) сәулет – жоспарлау тапсырмаларын беру;
4) жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Реестріне, соның ішінде мемлекеттік органның құзіретіне кіретін мемлекеттік қызметтерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
5) алынып тасталды – Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 25.03.2016 № 99 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыруға рұқсат беру;
7) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру;
8) аудан құрылысын дамытуға талдау, түзету жасау және басым бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу;
9) обьектілердің құрылыс және реконструкциялау барысын бақылауды жүзеге асыру;
10) құрылыс саласында бәсекелестік нарықты дамытуға жәрдемдесу;
11) аудан обьектілері құрылысына және реконструкциялауға тендерлер өткізуге қатысу;
12) нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамаларына сәйкес обьектілер құрылысы және реконструкциялау бойынша орындалған жұмыстарды қабылдауды жүзеге асыру;
13) нысаналы мақсатына сәйкес бюджеттік қаражаттар және материалдық құндылықтар тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;
14) бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге өтінімдер мен анықтамалар дайындау;
15) жасалған азаматтық-құқықтық келісімдер бойынша, ақшалай қаражаттарды уақытында аударуды бақылау;
16) бөлімнің құзыретіне кіретін аумақтық бағдарламаларды, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
17) жетекшілік ететін мәселелер бойынша оперативті ақпараттар, анықтамалар, есептер дайындау;
18) аудан обьектілерінің инженерлік-коммуникативтік инфрақұрылымын, құрылысын дамыту деректерін болжау;
19) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау және "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" 1 – ТӨ формасындағы есепті жасау;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру;
21) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген өкілеттілігі шегінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы басқа да мәселелерді шешу.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 25.03.2016 № 99 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекетті мекемесіне келіп түскен құжаттардың өтуіне, орындалуына есеп жүргізу және бақылау, олардың орындалу барысы жайлы ақпараттар әзірлеу;
2) "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы субъектілерден құжаттарды, қорытындыларды, анықтамаларды және басқа да материалдарды сұрату;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
4) тұтынушыларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың шағымдары мен ұсыныстарын қарастыру;
6) бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін, ведомстволық құрамы мен меншік нысанына қарамастан аудан аумағында орналасқан мекемелерден, ұйымдардан, кәсіпорындардан, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарынан белгіленген тәртіпте қажетті ақпаратты сұрату және алу;
7) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығару;
8) өз құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша аудан әкіміне, әкімдігіне және аудандық мәслихатқа ұсыныстар енгізу;
9) Таран ауданы обьектілерінің құрылысы, реконструкциялау бойынша өндірістік жұмыстарға келісімшарттар жасасу;
10) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдар қызметіне талдау жасау, жұмысты жақсарту туралы қажетті ұсыныстар беру;
11) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының келісімімен кеңестер өткізу;
12) өз құзыретінің мәселелері бойынша келіссөздер өткізу және келісімдерге, басқа да заңды актілерге қол қою;
13) аудан кәсіпорындары, ұйымдары, қоғамдық құрылымдар мамандарын, олардың басшыларының келісімі бойынша тексерістер, сараптама жүргізуге, конкурстық комиссияларға қатысуға тарту;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы мен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.
19. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары жоқ.
21. Басшының өкілеттігі:
1) "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқару және ұйымдастыру және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына дербес жауап беру;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) қызметкерлердің өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді;
4) лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;
5) қызметкерлер орындау үшін бұйрықтар шығарады және тапсырма береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік органның мүддесін ұсынады;
7) заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік жаза қолдану, марапаттау, және еңбекақы төлеу қорын үнемдеу шегінде материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
8) азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, заңнамамен белгіленген мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
9) оның құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттерді жүзеге асырады;
10) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;
11) оның құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін.
"Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекетті мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.