Асенкритов ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 1 "Асенкритов селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы Асенкритов ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 шілдеде № 4907 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Асенкритов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Асенкритов ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 1 "Асенкритов селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-162 тіркелген, 2012 жылғы 11 мамырда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селолары", "селоларының", "селосының", деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдары", "ауылдарының", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Асенкритов ауылдық
      округінің әкімі                            А. Бердалинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады