"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Майский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Майский ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1 "Май селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-102 тіркелген, 2009 жылғы 31 желтоқсанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "Май селолық", "селоларының", "Май селосының", "Приреченское селосының" деген сөздер тиісінше "Майский ауылдық", "ауылдарының", "Майское ауылының", "Приреченское ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Майский ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы С. Шарий