Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "Май селолық", "селоларының", "Май селосының", "Приреченское селосының" сөздері "Майский ауылдық", "ауылдарының", "Майское ауылының", "Приреченское ауылының" деген сөздермен ауыстырылды - Қостанай облысы Таран ауданы Майский ауылдық округінің әкімінің 11.04.2014 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес Майский ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Майский ауылдық округі Майское ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:
1) № 1 атаусыз көшесіне – Промышленная зона көшесі;
2) № 2 атаусыз көшесіне – Парковая көшесі;
3) № 3 атаусыз көшесіне – 60 лет Октября көшесі;
4) № 4 атаусыз көшесіне – Школьная көшесі;
5) № 5 атаусыз көшесіне – Ленин көшесі;
6) № 6 атаусыз көшесіне – Ли Ен Бем көшесі;
7) № 7 атаусыз көшесіне – Индустриальная көшесі;
8) № 8 атаусыз көшесіне – Мира көшесі;
9) № 9 атаусыз көшесіне – Садовая көшесі;
10) № 10 атаусыз көшесіне – Набережная көшесі;
11) № 11 атаусыз көшесіне – Целинная көшесі;
12) № 12 атаусыз көшесіне – Степная көшесі;
13) № 13 атаусыз көшесіне – Молодежная көшесі.
2. Майский ауылдық округі Приреченское ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:
1) № 1 атаусыз көшесіне – Степная көшесі;
2) № 2 атаусыз көшесіне – Юбилейная көшесі;
3) № 3 атаусыз көшесіне – Майлина көшесі;
4) № 4 атаусыз көшесіне – Луговая көшесі.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Май селолық округінің әкімі О. Вислобоков