Новоильинов ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 1 "Новоильинов селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы Новоильинов ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 мамырда № 4749 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Новоильинов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Новоильинов ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 1 "Новоильинов селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-169 тіркелген, 2012 жылғы 17 мамырдағы "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының", "селоларының", "селолары" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылдарының", "ауылдары" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Новоильинов ауылдық
      округінің әкімі                            С. Каргачинский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады