Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 11.12.2017 № 156 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6–бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері белгіленсін.
2. Мәслихаттың 2010 жылғы 29 маусымдағы № 266 "Жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-135 тіркелген, 2010 жылғы 2 қыркүйекте "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессиясының төрағасы |
А. Алимбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы |
В. Вербовой |
КЕЛІСІЛДІ
"Ұзынкөл ауданының жер
қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Р. Абдугалиев
Мәслихаттың 2014 жылғы 11 шілдедегі № 208 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының
жер учаскелері үшін төлемақының базалық
ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақ № | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері | Аймаққа енгізілген қадастрлық кварталдардың нөмірі мен атауы (ауылдық округтер бойынша) |
1 | 2 | 3 |
1 | 0,5 | - |
2 | 0,6 |
Петропавл ауылдық округі: |
3 | 0,7 |
Петропавл ауылдық округі: |
4 | 0,8 |
Петропавл ауылдық округі: |
5 | 0,9 |
Варваровка ауылы: |
6 | 1,0 |
Бауман ауылдық округі: |
7 | 1,1 |
Карл Маркс ауылдық округі: |
8 | 1.2 |
Ершов ауылдық округі: |
9 | 1,3 |
Варваровка ауылы 036 |
10 | 1,4 |
Киров ауылдық округі: |
11 | 1,5 |
Ұзынкөл ауылдық округі: |