2014 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 53 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 наурызда № 4481 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5–бабының 2-тармағына, 7–бабының 2) тармақшасына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша қәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын аяқтаған жұмыссыздар;
      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Қ.Өтегеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімінің міндеттерін атқарушы,
      аудан әкімінің орынбасары                  И. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады