Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 213 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 сәуірде № 4570 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2020 жылғы 17 ақпандағы № 408 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 17.02.2020 № 408 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Х сессияның төрайымы

Л. Финк

Аудандық


мәслихаттың хатшысы

Б. Бекенов

КЕЛІСІЛДІ:


Шандақ ауылдық


округінің әкімі


____________ Н. Осипов



  Мәслихаттың
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 213 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық
округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округінің Мирный ауылының тұрғындарына

48

Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округінің Дорожный ауылының тұрғындарына

12

Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округінің Крамской ауылының тұрғындарына

5

  Мәслихаттың
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 213 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық
округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізу қағидасы

      1. Жалпы ереже

      1. Осы Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Шандақ ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Шандақ ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Шандақ ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Федоров ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешім бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Шандақ ауылдық округі ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Шандақ ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Шандақ ауылдық округі ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Шандақ ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Шандақ ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Шандақ ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Федоров аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Шандақ ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады