Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2014 жылғы 7 тамыздағы № 257 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 тамызда № 5035 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 386 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 29.01.2016 № 386 шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Мәслихаттың 2013 жылғы 20 қарашадағы № 171 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4330 тіркелген, 2013 жылғы 12 желтоқсанда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            В. Вишневский

      Аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Бекенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Федоров ауданының экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ______________ В. Гринак

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады