Бюджеттік қаражат есебінен елді мекеннен тыс емделуге жіберілген Павлодар облысы тұрғындарының тегін немесе жеңілдікпен жол жүруін қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 қаңтардағы N 243/28 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 ақпанда N 3682 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 83/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 26.11.2021 № 83/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы, 1-тармағының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Медициналық көрсеткіштері бойынша елді мекеннен тыс жерлерге жергілікті бюджет есебінен емделуге жіберілген Павлодар облысының азаматтарына емдеу-алдын алу мекемесінің арнайы мамандандырылған комиссиясы белгіленген үлгідегі жолдама берген болса, сондай-ақ олардың атқосшыларына (бір адамнан аспау керек) дәрігерлік-консультациялық комиссия хаттамасында алып жүру жөнінде кепілдемесі болған жағдайда тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін.

      2. Науқастар және олардың атқосшылары республикалық медициналық мекемелерінде арнайы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек алған жағдайда жол жүру құны төленсін.

      3. Медициналық көрсеткіштер бойынша елді мекеннен тыс жіберілген науқастарға және олардың атқосшылары (бір адамнан аспау керек) теміржол және қалааралық автокөлігінде жол жүрген жағдайда жол жүру құны төленеді (екі жаққа).

      4. Медициналық көрсеткіштер бойынша елді мекеннен тыс жіберілген науқастарға және олардың атқосшылары (бір адамнан аспау керек) әуе көлігі арқылы ұшатын болса және теміржол транспортымен (ұйықтайтын вагон) жүретін болса жол ақысы жартылай төленетін болады (екі жаққа), теміржол көлігінің жедел отарбаның купе вагоны билетінің құнынан асырылмайды.

      5. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі емделуге жіберілген науқастар мен олардың атқосшыларының жол құнын төлесін.

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      7. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,


облыстық мәслихаттың


хатшысы

М. Көбенов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады