Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Павлодар облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 83/8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 желтоқсанда № 25667 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Павлодар облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүру ұсынылсын.

      2. Павлодар облыстық мәслихатының "Бюджеттік қаражат есебінен елді мекеннен тыс емделуге жіберілген Павлодар облысы тұрғындарының тегін немесе жеңілдікпен жол жүруін қамтамасыз ету туралы" 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 243/28 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3682 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Е. Айткенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады