Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 29/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 308/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 желтоқсанда № 4822 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 321/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 12.09.2018 № 321/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы", 2010 жылғы 24 маусымдағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 29/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3712 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпанда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      20-тармақта:

      51) тармақша алынып тасталсын:

      56) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "56) Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 37-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды беру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркеу";

      58) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "58) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастыру";

      келесі мазмұндағы 85), 86), 87), 88), 89), 90) тармақшалармен толықтырылсын:

      "85) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасау, тіркеу және сақтау;

      86) келісімшарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталумен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысу;

      87) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту;

      88) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың құрамын бекіту;

      89) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдау;

      90) кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру.".

      2. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. К. Әшімбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады