Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 қарашадағы "Селолық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" № 395/13 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 103/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 мамырда № 3794 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 50/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 50/2 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 қарашадағы "Селолық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" N 395/13 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3623 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 желтоқсанда "Звезда Прииртышья" газетінде, 2013 жылғы 12 желтоқсанда "Сарыарқа самалы" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыптағы және мәтіндегі "мамандары" деген сөзден кейін "саласындағы" сөздерімен толықтырылсын, "мәдениет және спорт," деген сөздер "және азаматтық қызметшілер болып табылатын мәдениет, спорт және ветеринария" сөздерімен ауыстырылсын;
      1-тармақ ", 6" санымен толықтырылсын;
      қаулының 1,2,3,4,5 қосымшаларында "мамандары" деген сөзден кейін "саласында" сөзімен толықтырылсын, "жұмыс істейтін" деген сөздің алдында "және азаматтық қызметшілер болып табылатын" сөздерімен толықтырылсын;
      6-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы осы қаулыны ресми жариялауды заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Г. Досжанова
      2014 жылғы "10" сәуір
      Облыстық мәслихат хатшысы М. Көбенов
      2014 жылғы "10" сәуірдегі

      

  Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы "10" сәуірдегі
N 103/4 қаулысына
6-қосымша

Селолық жерлерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер
болып табылатын ветеринария саласындағы мамандары
лауазымдарының тізбесi

      1. Мал дәрiгерi.
      2. Ветеринарлық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады