Селолық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және азаматтық қызметшілер болып табылатын мәдениет, спорт және ветеринария мамандары саласындағы лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 13 қарашадағы N 395/13 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 06 желтоқсанда N 3623 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 50/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 50/2 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "мамандары" деген сөзден кейін "саласындағы" сөздерімен толықтырылды, "мәдениет және спорт" деген сөздер "және азаматтық қызметшілер болып табылатын мәдениет, спорт және ветеринария" сөздерімен ауыстырылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 10.04.2014 N 103/4 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 10.01.2014 N 6/1 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Селолық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және азаматтық қызметшілер болып табылатын мәдениет, спорт және ветеринария мамандары саласындағы лауазымдарының тізбесі осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкес анықталсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 10.01.2014 N 6/1 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.04.2014 N 103/4 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Е. Арын
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Ш. Данбай
      11 қараша 2013 жыл
      Облыстық мәслихат хатшысы М. Көбенов
      11 қараша 2013 жыл

      

  Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы 13 қарашадағы
N 395/13 қаулысына
1-қосымша

Селолық жерлерде және азаматтық қызметшілер
болып табылатын жұмыс істейтін денсаулық
сақтау мамандары саласында лауазымдарының тізбесi

      Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбына өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 10.04.2014 N 103/4 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары.
      2. Бөлімше (бөлімше, зертхана, филиал, бөлім) басшысы.
      3. Дәріхана меңгерушісі.
      4. Мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, медициналық бике, фельдшер, медициналық статистик, медициналық зертханашы, медициналық тіркеуші, провизор (фармацевт), психолог, рентген зертханашысы, фармацевт, фельдшер (-зертханашы), әлеуметтік жұмыс бойынша маман (әлеуметтік қызметші).

  Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы 13 қарашадағы
N 395/13 қаулысына
2-қосымша

Селолық жерлерде және азаматтық қызметшілер болып
табылатын жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру
мамандары саласында лауазымдарының тізбесi

      Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбына өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 10.04.2014 N 103/4 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа).
      2. Құрылымдық бөлімшенің (бөлім, сектор) басшысы, бөлім (бөлімше) меңгерушісі.
      3. Мамандар: дәрігер, тіс дәрігері, нұсқаушы, емдәм бикесі, медициналық бике, мамандандырылған медициналық бике, күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, жұмыспен қамту орталығының маманы.

  Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы 13 қарашадағы
N 395/13 қаулысына
3-қосымша

Селолық жерлерде және азаматтық қызметшілер
болып табылатын жұмыс істейтін білім
беру мамандары саласында лауазымдарының тізбесi

      Ескерту. 3-қосымшаның тақырыбына өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 10.04.2014 N 103/4 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа).
      2. Мектептен тыс ұйымдардағы қызығушылығы бойынша студия, клуб жетекшісі.
      3. Оқу-консультация пункті, шеберхана, зертхана, кабинет, сектор, бөлімшенің меңгерушісі.
      4. Мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының оқытушысы, жетекші, тәрбиеші, нұсқаушы, шебер, әдістемеші, музыкалық жетекші.

  Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы 13 қарашадағы
N 395/13 қаулысына
4-қосымша

Селолық жерлерде және азаматтық қызметшілер
болып табылатын жұмыс істейтін мәдениет
мамандары саласында лауазымдарының тізбесi

      Ескерту. 4-қосымшаның тақырыбына өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 10.04.2014 N 103/4 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Мәдениет және мұрағат ісі мемлекеттік мекемесі мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа).
      2. Клуб, мұрағат, мұрағат қоймасының меңгерушісі, бөлімше, сектор, бөлімше (бөлім), филиал басшысы, көркем жетекші, үйірме жетекшісі.
      3. Мамандар: сүйемелдеуші, әртіс, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, дыбыс операторы, нұсқаушы, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, суретші, хореограф, мұражай, мұрағат қорын сақтаушы, архивист, мұрағатшы, археограф.

  Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы 13 қарашадағы
N 395/13 қаулысына
5-қосымша

Селолық жерлерде және азаматтық қызметшілер
болып табылатын жұмыс істейтін спорт
мамандары саласында лауазымдарының тізбесi

      Ескерту. 5-қосымшаның тақырыбына өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 10.04.2014 N 103/4 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын, филиал басшысы және басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа).
      2. Спорт имараттары, бассейн меңгерушісі.
      3. Мамандар: нұсқаушы, әдістемеші, жаттықтырушы.

  Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы "10" сәуірдегі
N 103/4 қаулысына
6-қосымша

Селолық жерлерде жұмыс істейтін және азаматтық
қызметшілер болып табылатын ветеринария саласындағы
мамандары лауазымдарының тізбесi

      Ескерту. Қаулы 6-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 10.04.2014 N 103/4 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Мал дәрiгерi.
      2. Ветеринарлық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады