1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
бір апта мерзімде осы қаулы көшірмесінің аумақтық әділет органына жіберілуін;
осы қаулының мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануын;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ. Сәдібековке жүктелсін.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы "25" ақпандағы № 50/2 қаулысына қосымша |
Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
1) Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 қарашадағы "Селолық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және азаматтық қызметшілер болып табылатын мәдениет, спорт және ветеринария мамандарды саласындағы лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" № 395/13 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3623 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 желтоқсанда "Звезда Прииртышья" және "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған); 2) "Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 қарашадағы "Селолық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 6/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3670 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпанда "Звезда Прииртышья" және "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған);
3) "Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 қарашадағы "Селолық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" № 395/13 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 103/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3794 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 мамырда "Звезда Прииртышья" және "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған).