Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 487-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі "Су кодексінің" 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 223 бұйрығына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Оспанова |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | В. Берковский |
Облыстық мәслихаттың |
Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын
пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері
Р/с № | Арнайы су пайдалану түрлері |
Өлшем | Мөлшерлемелер |
теңге | |||
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер | 1000 текше метр | 92,07 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда (өндірістік қажеттіліктер) | 1000 текше метр | 529,06 |
3 | Ауыл шаруашылығы | 1000 текше метр | 149,06 |
4 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | 1000 текше метр | 149,06 |
5 | Су көздерінен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар | тонна | 374,14 |
6 | Су көліктері | 1000 тонна шақырым | 20,46 |