Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы N 233/32 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 наурызда N 3745 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 379/52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 30.05.2019 № 379/52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 3-тармағына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Автотұрақтар (паркингтер) санаттарына байланысты автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген елді мекендердің жерлеріне базалық салық ставкаларының мөлшері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, қалалық
      мәслихаттың хатшысы М. Желнов

  Павлодар қалалық мәслихатының
2014 жылғы 24 ақпандағы
N 233/32 шешіміне
1-қосымша

Павлодар қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

N

Автотұрақтардың (паркингтердің) типтері және түрлері

Автотұрақтар (паркингтер) мақсаты

Павлодар қаласындағы нысаналы мақсат жіктемесіне сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Автотұрақтар (паркингтер) санаты

1

Қызметтік автотұрақтар (паркингтер)

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын тегін негізде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

1–санат

2

Айып автотұрақтары

Автокөлік құралдарын айып автотұрақтарында сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

3

Су көлік құралдарының тұрағы

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі су көлік құралдарын сақтау

Су көлік тұрақтарын пайдалану және қызмет көрсету үшін

4

Аз қозғалатын топтардың көлік құралдарын және велотранспортты қоятын орындар

Аз қозғалатын топтардың автокөлік құралдарын және велотранспортты сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

5

Тәулік бойы бір орынға жүк машиналары қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер)

Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жүк көліктерін қысқа мерзімде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтер) пайдалану және қызмет көрсету үшін

2–санат

6

Ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер)

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын ақылы негізде сақтау

Автотұрағы (паркингі) бар ғимаратты, құрылысты пайдалану және қызмет көрсету үшін

7

Тұрақты орындары белгіленген күрделі құрылыспен байланысты көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер)

Жыл сайын белгіленген төлем төлейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын сақтау

Көп деңгейлі автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

8

Тәулік бойы бір орынға машина қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер)

Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын қысқа мерзімде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтер) пайдалану және қызмет көрсету үшін

3–санат

  Павлодар қалалық мәслихатының
2014 жылғы 24 ақпандағы
N 233/32 шешіміне
2-қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына қарай
автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге
салынатын базалық салық ставкасының мөлшері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 01.06.2016 N 41/5 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкасын ұлғайту мөлшері

1–санат

1

2–санат

5

3–санат

10

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады