Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы" № 233/32 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 41/5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 шілдеде № 5162 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 379/52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 30.05.2019 № 379/52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 386–бабының 3-тармағына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы" № 233/32 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3745 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 13 "Шаһар" газетінде және 2014 жылғы 7 сәуірдегі № 13 "Версия" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Әбенов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы З. Мұқашева

  Павлодар қалалық
мәслихатының 2016 жылғы
1 маусымдағы № 41/5 шешіміне
қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына қарай
автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге
салынатын базалық салық ставкасының мөлшері

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкасын ұлғайту мөлшері

1–санат

1

2–санат

5

3–санат

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады