Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 қаңтардағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 226/30 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 06 мамырдағы № 264/36 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 мамырда № 3808 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 398/53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 26.05.2015 № 398/53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 қаңтардағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 226/30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3698 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 ақпандағы № 7 "Версия" газетінде және 2014 жылғы 28 ақпандағы № 8 "Шаһар" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      7-тармақта:
      9) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылар ішінен - 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына;";
      8-тармақта:
      2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "7-тармақтың 6-тармақшасы екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 17619 теңге мөлшерінде - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
      7-тармақтың 9-тармақшасы алтыншы абзацында көрсетілген санаттар үшін 17619 теңге мөлшерінде - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;";
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы О. Мұқашев
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Желнов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады