Ақсу қалалық мәслихатының (V сайланған XXV сессиясы) 2013 жылғы 25 желтоқсандағы "2014 - 2016 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы" N 171/25 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы N 200/29 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 сәуірде N 3765 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4 тармағына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы "2014 - 2016 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы" N 171/25 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3658 тіркелген, 2014 жылғы 18 қаңтарда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінің N 5 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгiленсін.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Г. Алпысбаева

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады