Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 196/28 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 270/37 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 қазанда № 4116 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 08 шілдедегі N 43/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 08.07.2016 N 43/5 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, 31-бабының 1-тармағы 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 15 маусымдағы "Қазақстан Республикасында Мүгедектер күнiн белгiлеу туралы" № 1224 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес және азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 196/28 шешіміне (2014 жылғы 18 наурыздағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3731 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 наурызда "Ақсу жолы", "Новый путь" газетінде № 24, 25 жарияланған) келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "қазанның екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнi.";
      8-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ағымдағы жылғы жапы білім беру мектеп түлектерінің қатарынан, атап айтқанда:
      жан басына шаққандағы табысы ағымдағы жылғы 2 тоқсанының күн көріс минимумының бір есе мөлшерінен аспайтын отбасының балалары;
      жетім балалар;";
      8-тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған адамдар.";
      9-тармақтың 1) тармақшасында "Халықаралық мүгедектер күніне орай" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнiне орай" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтың 2) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "8-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, жоғары оқу орындарында оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне дейінгі жолақысына екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаты, жеке куәлігінің көшірмесі, білім беру қызметін көрсетуге, студенттің, Ақсу қаласы әкімі мен жоғары оқу орны басшысының қолы қойылған үш жақты келісім-шарттың негізінде 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде;";
      "8-тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін Ақсу қаласы Ішкі істер бөлімінің тізімі, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шоты көрсетілген, Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаты, жеке куәлігінің көшірмесі негізінде 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      10 тармақ алып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасыА. Оразалин
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады