Екібастұз қаласы халқының нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2014 жылға арналған қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы N 42/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 ақпанда N 3687 болып тіркелді Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімі аппарат басшысының 2015 жылғы 06 қаңтардағы N 24/1-07/6 хатымен)

     Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімі аппарат басшысының 06.01.2015 N 24/1-07/6 хатымен).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңы 31 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7, 18-1-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысына сәйкес және халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек нарығындағы жағдайға және қолдағы бюджеттік қаражаттарға сүйене отырып, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) әйелдер үшін елу жастан жоғары және ер адамдар үшін елу бес жастан жоғары тұлғалар;
      3) бір жылдан аса жұмыс істемейтін тұлғалар;
      4) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
      5) "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарынан өткен жұмыссыздар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкіміА. Вербняк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады