Екібастұз қаласы Байет ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 маусымдағы № 233/30 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 3879 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 25 тамыздағы № 137/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 25.08.2022 № 137/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Екібастұз қаласы Байет ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Екібастұз қаласы Бәйет ауылдық округінің тұрғындарының ауылдар өкілдері ауыл тұрғындарының жалпы санынан 5% мөлшерде бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 23.09.2014 N 264/32 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы мәслихатының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы К. Сакенова
Қалалық мәслихат хатшысы Б. Куспеков



Екібастұз қалалық мәслихатының
2014 жылғы 19 маусымдағы
№ 233/30 шешімімен
бекітілген

Екібастұз қаласы Байет ауылдық округінің
аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Екібастұз қаласы Байет ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабына, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Екібастұз қаласы Байет ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 23.09.2014 N 264/32 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Екібастұз қаласы Байет ауылдық округінің аумағындағы тұрғындардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Байет ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Екібастұз қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақппарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Байет ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Екібастұз қаласы Байет ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Екібастұз қаласы Байет ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Екібастұз қаланың мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Байет ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады