Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 26.03.2020 № 289/61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына, сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін Ақтоғай аудандық бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет 5 (бес) мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. Аудандық мәслихаттың (V шақырылған, XXXII сессия) 2014 жылғы 26 маусымдағы № 130/32 "Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт, ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмекті бекіту туралы" шешімінің күші жойылған деп есептелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Сматаева |
Мәслихат хатшысы | Т. Мұқанов |