Баянауыл ауылдық округі Баянауыл ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 09 желтоқсандағы № 88 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 қаңтарда № 4252 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі Баянауыл ауылындағы атаусыз көшелеріне келесі атаулары берілсін:
      Каныш Сатпаев және Мухтар Ауезов көшелерінің арасында орналасқан көшесі - «Несипбек Баязитович Баязитов»;
      Ермухан Бекмаханов және Кошке Кеменгеров көшелерінің арасында орналасқан көшесі - «Хамза Аубакирович Абылгазин»;
      Мухтар Ауезов және Каныш Сатпаев көшелерінің арасында орналасқан көшесі - «Рымтай Ізбәстіұлы Ізбәсті».
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл ауылдық округі әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Баянауыл ауылдық
      округінің әкімі

А. Каниев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады