Сәтбаев ауылдық округінің Теңдік ауылында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 05 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 4227 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 24 ақпандағы N 03 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі әкімінің 24.02.2015 N 03 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Сәтбаев ауылдық округінің Теңдік ауылында ауыл шаруашылық малдардың қарасан ауруының ошағы анықталуына байланысты, карантин белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша) осы шешімге сәйкес, шара қолдансын.
      3. Сәтбаев ауылдық округінің ветеринариялық пунктің меңгерушісі (келісім бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округі әкімі Қ. Әмиев
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      ауыл шаруашылық Министрлігі
      ветеринариялық бақылау
      және қадағалау комитетінің
      Баянауыл аудандық
      аумақтық инспекциясының
      басшысы, ауданың
      бас мемлекеттік
      ветеринариялық-санитарлық инспекторы Р. Нұрғалиев
      "28" қараша 2014 жылғы
      "Қазақстан Республикасы
      Тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау агенттігінің Павлодар облысы
      тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау департаментінің Баянауыл
      аудандық тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау
      басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесі басшысы Т. Н. Ишанова
      "28" қараша 2014 жылғы
      "Баянауыл ауданының
      ветеринария бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Н. Т. Дәулетов
      "28" қараша 2014 жылғы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады