Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1-тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналастыруды қажет ететін мүгедектерге жұмыспен қамтылуға қолдау көрсету мақсатында Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Железин ауданының ұйымдарындағы жұмыс орындары жалпы санының үш пайызының мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мүгедектерді жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Абушахманов |