Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 13.08.2018 № 246/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді, Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 176-5/25 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3746 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 наурыздағы № 14 "Родные просторы", "Туған өлке" газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары:
9-тармақтың 11)тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"орталық нерв жүйесінің алаңғасарлық ауруымен зардап шегуші тұлғалар.";
10-тармақтың 2)тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға үйін жөндеуге нақты шығындар бойынша 125 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде уәкілетті органға немесе село, селолық округ әкіміне осы Қағидалардың 15-тармағының 1, 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде;";
"осы Қағидалардың 9-тармағының 11) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 54 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде (арнайы комиссияның шешімі бойынша);".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 . Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | В. Неупокоев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | В. Крутиков |