Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 19.12.2018 № 417/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылған "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Абушахманов |
Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "21" шілдедегі № 239/7 қаулысымен бекітілді |
"Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік басқару органы болып табылады.
2. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Заңдарына және Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі және бұрыштамасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарда есеп-шоттары бар.
4. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес өкілеттілігі болған жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан сөйлеуге құқығы бар.
6. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте өз құзыретіндегі мәселелер бойынша "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының рәсімделетін бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен шешім қабылдайды.
7. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның мекенжайы: 140400 Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы, Квитков көшесі, 7.
9. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма сағат 9-00-ден сағат 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
10. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
Мемлекеттік органның орыс тіліндегі толық атауы – государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта Железинского района".
11. Железин ауданының әкiмдiгi мемлекет атынан "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтайшысы болып табылады.
12. Осы Ереже "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің қаржыландырылуы жергілікті жүзеге асырылады.
14. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік мекеменің міндеттері болып табылатын кәсіпкерлік субъектілермен "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттерін орындау барысында келісімшарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілсе онда бұл қызметтерден түскен табыстар мемлекеттік бюджетке бағытталады.
2. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің негізгі құқықтары мен міндеттері,
Функциялары, тапсырмалары, миссиясы
15. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеті аудандық деңгейде дене шынықтыру және спорт облысындағы мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
16. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің мәні дене шынықтыру және спорт кешенiнiң жұмысын ұйымдастыру, мониторингiн жүргiзу, үйлестiру мәселелерiнде іс-шараларды аудандық деңгейде іске асыру болып табылады.
17. Міндеттері:
1) бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
2) дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдар қызметін үйлестіру;
3) тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен айналасуға тарту.
18. Функциялары:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы аналитикалық және әдістемелік жұмыс;
2) спорт түрлері бойынша бірлестік, аудандық, спорттық жарыстарын дайындау және өткізу;
3) Қорғаныс істері, білім бөлімдері, қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және әскери қызметке дайындау бойынша жұмыстар өткізу ;
4) "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің тиімділік қызмет бағасын өткізу;
5) "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін лауазымды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен өзара қарым қатынысты жүзеге асыру;
6) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен байланыстарды тұрақты дамытуды орнату;
7) Железин ауданы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру және орындау;
8) "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызмет жоспарын әзірлеу;
19. Құқықтары мен міндеттері:
"Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы Ережемен қарастырылған өкілетті жүзеге асыру үшін құқығы бар:
1) "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен келісім бойынша бекітілген тәртіпте қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдар басшыларының келісімі бойынша, мамандарды жұмысқа тарту;
3) мемлекеттік органдарда, сотта "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызығушылығын ұсыну;
4) өз құзыреттілігі шегінде келісімдерді, шарттарды жасасу;
"Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне кіреді:
1) мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларына және басқа да ұйымдарға дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша бекітілген қолданыстағы заңнама тәртібінде ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық-аналитикалық және басқа да көмек көрсету;
2) дене шынықтыру және спортты ұйымдастыру мәселелері бойынша ауданның мемлекеттік мекемелерінің қызметін үйлестіру;
3) аудандық спорттық жарыстарын ұйымдастыру және өткізілуі мен дайындығына қатысу.
3. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
20. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару, Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өз функциясындағы міндеттерінің орындалуына жеке жауапкершілік басшымен жүзеге асырылады.
21. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Железин ауданы әкімімен лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатылады.
22. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының өкілеттілігі:
1) "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің басшылығын жүзеге асырады;
2) "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі мен құрал жабдықтарын басқарады және бөлімнің іс жағдайына арнайы жауапты болады;
3) "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттік және функционалдық міндеттерін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне белгіленген заңнамалар тәртібімен тәртіптік жаза салады;
6) "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекеме бойынша бұйырықтар шығарады;
7) "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелерінің міндеттерін анықтайды;
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін білдіреді;
9) "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңес шақырады;
10) өз өкілеттілігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын бұзғандығы үшін жеке жауапкершілікке тартылады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
"Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының болмау кезеңінде өкілеттілікті орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның ауыстырушымен жүзеге асырылады.
23. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесi мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өзара қарымқатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
24. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесi мен тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
25. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұжымдық шартпен реттеледі.
4. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
26. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген жағдайда, жедел басқару құқығындағы жекешеленген мүлікке ие бола алады.
"Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлігі меншік иесі берген мүлік есебінен, сонымен бірге (ақшалай табысты қосқанда) Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған қызмет және басқа да көздер нәтижесінде сатып алудан қалыптасады.
27. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
28. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басқа да заңнамада белгіленбеген қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеленуге немесе иелігінен шығаруға құқығы жоқ.
5. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта құру және жою
29. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
30. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесi таратылған кезде, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiк аудандық коммуналдық меншiкте қалады.
6. "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесімен әрекеттестік
31. Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөліміне бағынысты мекемелер мен ұйымдар жоқ.