Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Железин ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушыға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Кашкиров |
Железин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "19" желтоқсаны № 417/11 қаулысына қосымша |
Железин ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Железин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 шілдедегі "Железин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 238/7 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде 2014 жылғы 15 тамызда № 3926 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 тамызда аудандық "Родные просторы" № 34, "Туған өлке" № 34 газеттерінде жарияланған).
2. Железин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 шілдедегі "Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 239/7 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде 2014 жылғы 15 тамызда № 3925 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 тамызда аудандық "Родные просторы" № 34, "Туған өлке" № 34 газеттерінде жарияланған).
3. Железин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 368/11 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде 2014 жылғы 3 желтоқсанда № 4203 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Железин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы "Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 61/3 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде 2015 жылғы 12 наурызда № 4350 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 наурызда аудандық "Родные просторы" № 11, "Туған өлке" № 11 газеттерінде жарияланған).
5. Железин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі "Железин ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 105/4 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде 2015 жылғы 12 мамырда № 4460 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
6. Железин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 125/5 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде 2015 жылғы 27 мамырда № 4491 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
7. Железин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 126/5 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде 2015 жылғы 27 мамырда № 4490 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 маусымда аудандық "Родные просторы" № 22, "Туған өлке" № 22 газеттерінде жарияланған).
8. Железин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 тамыздағы "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 272/8 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде 2015 жылғы 9 қыркүйекте № 4695 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
9. Железин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы "Железин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 126/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 47/3 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде 2016 жылғы 31 наурызда № 5030 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).