Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" № 202-5/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы № 221-5/30 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 қарашада № 4193 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 520/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 08.01.2021 № 520/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3779 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы аудандық "Родные росторы", "Туған өлке" газеттерінің № 19 сандарында жарияланған) № 202-5/27 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармағында:

      екінші абзацтағы "1 қазан – Халықаралық қарттар күніне" сөздері "1 қазан – Халықаралық қарттар күніне" сөздерімен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацтағы "қазанның екінші жексенбісі – Халықаралық мүгедектер күніне" сөздері "қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Железинка аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы

В.Неупокоев

Железинка аудандық мәслихатының
хатшысы

В. Крутиков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады