Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 шілдедегі № 161-31-5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 тамызда № 3970 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 107-27-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 27.12.2022 № 107-27-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округі ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 5% мөлшерде бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және ұлтаралық қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы

Б. Бакишев

Аудандық


мәслихат хатшысы

Ж. Беспаев


  Ертіс аудандық мәслихатының
2014 жылғы 31 шілдедегі
XХXI сессиясының
№ 161-31-5 шешімімен
бекітілген

Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округі аумағында бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округі аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Сілеті ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Ертіс ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Сілеті ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ертіс аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Сілеті ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады