Ертіс ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызмет төлеміне тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қазандағы № 170-32-5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 қарашада № 4197 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 маусымдағы № 61-16-6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 02.06.2017 № 61-16-6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ертіс ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызмет төлеміне тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының экономика, бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Усин
      Ертіс аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Беспаев

  V сайланған Ертіс
аудандық мәслихатының
2014 жылғы 29 қазандағы
ХХХІІ сессияның
№ 170-32-5 шешімімен
бекітілген

Ертіс ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызмет
төлеміне тұрғын үй көмегiн көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ертіс ауданы бойынша аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызмет төлеміне тұрғын үй көмегiн көрсету қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына (бұдан әрі – Есептеу қағидасы) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасылардың (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;

      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiстерiнiң жалпы сомасы;

      3) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      4) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      5) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн күрделi жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегiн алуға құқығы бар адамдар.

      3. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Ертіс ауданында тұрақты тұратын тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.

      Тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтерін тұтыну төлеміне шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Нормадан жоғары белгіленген тұрғын үйді күтіп-ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тұтыну төлемі жалпыға бірдей жағдайда жүргізіледі.

      Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауғамжұмсалатынмшығыстарға;

      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығындары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығындардың сомасы ретiнде айқындалады.

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға шығындарды төлейтін отбасы құрамына ерлі-зайыптылар, олардың балалары, ерлі-зайыптылардың ата-аналары, сондай-ақ тұрғын үйдің меншік иесімен, жалдаушымен (қосымша жалдаушымен) тұрақты тұратын өз отбасылары бар балалар, меншік иесімен, жалдаушымен (қосымша жалдаушымен) тұрақты тұратын еңбекке жарамсыз асырауындағы адамдар есепке алынады.

      Ата-аналар ата-аналық құқықтарынан айырылған болған жағдайда, балалар қамқоршылар (қорғаншылар) отбасында есептеледі.

      5. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

      6. Тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ отбасылар (азаматтар):

      1) бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды, сонымен қатар үш жасқа дейінгі бала күтетін немесе төрт не одан көп балалардың тәрбиесімен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген еңбекке жарамды азаматтар болса;

      2) жеке меншігінде бір үйден артық тұрғын үйі (пәтер, үй) барлары немесе тұрғын жайын жалға (жалдауға) бергендер.

      7. Өтемақы шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үйді күтіп-ұстау мен коммуналдық қызметтерді, сондай-ақ тұрғын үй ауқымы төлем нормалары тұрғын үй заңнамамен белгіленген осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй ұсыну нормаларына баламалы.

      Егер барлық отбасы мүшелеріне (азаматтарға) арналған нормативтік ауқым нақтыдан асқан кезде, есепке нақты ауқымы алынады.

      Белгіленген нормадан асқан тұрғын үйдің пайдалы ауқымына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

      8. Тұрғын үйді алуға үміткер отбасылардың (азаматтың) жиынтық табысы Есептеу қағидасына сәйкес есептеледі.

      9. Ұсынылған құжаттарды қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган отбасыға (азаматтарға) арналған тұрғын үй көмегін есептеу үшін ақпарат жасайды, осыған есептелген жәрдемақының есеп айырысуы енгізіледі.

      Көрсетілген ақпарат тұрғын үй көмегін ұсыну негізі болып табылады.

      Ақпараттың дұрыстығына күмән түскен жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғаның табыстары туралы сұраныс беру құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар ақпаратты ұсыну міндетті.

2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртiбi

      10. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн, отбасы (азамат) (бұдан әрі - өтініш беруші) "Павлодар облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Ертіс аудандық бөліміне жүгінеді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметтер стандартында 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      11. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын тағайындалады.

      Тұрғын үй көмегінің есеп сомасы өткен тоқсанның кірісі мен тарифі бойынша жүргізіледі.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемдік шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған нормалар шегінде меншік иесінің, жалдаушының (қосымша жалдаушының) нақты төлемі мен бұл отбасының (азаматтың) осы мақсаттарға жұмсаған, шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      12. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      13. Жанжал, талас немесе жайсыз жағдайлар туындап жатса, тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселесін ауданның аз қамтылған азаматтарға материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссияның қарастыруына шығаруға мүмкін.

      14. Біле тұра жалған мәлiметтер ұсынып, нәтижесінде тұрғын үй көмегі асыра немесе заңсыз тағайындалып, төленіп жатса, уәкілетті орган өтініш беруші алған артық соманы қайтару туралы шешімін шығаруға құқылы.

      Өтініш беруші алған артық соманы қайтарудан бас тартқан кезде, артық сома Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен өтелетін болады.

3. Тұрғын үй көмегін төлеу және қаржыландыру

      15. Тұрғын үй көмегін төлеу және қаржыландыру жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылының бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      16. Тұрғын үй көмегі есептелген соманы өтініш берушінің жеке шоттарына аудару жолмен екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері және/немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдары арқылы жүргізіледі.

  Ертіс ауданы бойынша
аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үйді күтіп
ұстауға және коммуналдық
қызметтер төлеміне тұрғын үй
көмегiн көрсету Қағидаларына
қосымша

Тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтер нормалары

№ р\с

Қызметтердің атауы

Өлшем бірлігі

Жіберудің жеңілдік нормалары

Ескерту

1

2

3

4

5

1

Суық су

теңге (айына бір отбасы мүшесіне)

87


2

Отбасының бір мүшесіне пайдалы ауқым

шаршы метр

18


3

Жалғыз тұратындар үшін пайдалы ауқым

шаршы метр

30


4

Газбен жабдықтау

килограмм
(отбасына)

10

Төлем құжаттарды ұсынусыз

5

Электрэнергияны тұтыну

киловатт (айына бір отбасы мүшесіне)

90



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады